15
декабрь
2022
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №71 жалпы орта мектеп базасында "Біз біргеміз" атты үйде оқытылатын білім алушыларға арналған аудандық семинар өткізілді. Мектепке келуге мүмкіндігі жоқ, үйде оқитын оқушылар үшін өте керемет іс-шара болды. Бұл іс-шараға №11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Койтанова Гулия Әбдіқадірқызы бастап, педагог-психолог Нуридинова Рауабану, 7 "А" сынып оқушысы Белгібаева Нұржамал және сынып жетекшісі Н. Оразбаева, 4"Б" сынып оқушысы Усербай Айкөркем және сынып жетекшісі Ұ. Жасузакова қатысты. Бұл семинарда қойылған қойылымдар балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қойылымға өздері де қатысып жүргендей сезім сыйлай алды. Нұржамал мен Айкөркем семинарда ұйымдастырылған "Балалар әлемі" атты сурет салу жобасына қатысып алғыс хатпен марапатталды.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда бар екендігі қуантады.Бұдан айтпағым адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Шукурбаева Ғазиза Әлібекқызы балаларға сыйлық таратып оқушыларға қуаныш сыйласа, іс-шара біткен соң №71 жалпы орта мектеп ұжымы мерекелік дастархан басына балаларды шақырды. Дастархан басындағы балақайлардың жүзінен қуанышты көрмеу мүмкін емес еді.
Осынау айтулы іс-шараны ұйымдастырушы №71 жалпы орта мектеп ұжымына, және бастама көтеріп, бас болған Ғазиза Шукурбаева Әлібекқызына, әдіскер Нурбахыт Асылбековнаға өз алғысымызды білдіреміз.
[/center]
[center]