21
декабрь
2022
ҰБТ 2023
Құрметті ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер! 2022-2023 оқу жылының қаңтар айындағы ҰБТ тапсыруға өтініш беру 20 желтоқсан мен 6 қаңтар күндері аралығында жүргізіледі. ҰБТ-ға өтініш app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысу құны - 4230 теңге. Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркілері бойынша таңдайды. Сәттілік!
















