27
январь
2022
2022 ЖЫЛЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ТАЛАПКЕРГЕ ҰБТ ТАПСЫРУ ҮШІН ҚОСЫМША УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ
2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер ҰБТ-ны қолайлы жағдайларда өтуі үшін бірқатар шаралар қабылдайтын болады. Осылайша, келесі жылы көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған оқуға түсушілер негізгі 240 минуттан басқа тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут алады. Яғни, олар ҰБТ - ны басқаларға қарағанда ұзағырақ - 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады.