08
октябрь
2021
КИЕЛІ МЕКЕН ТҮРКІСТАНДА ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ
"Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы" және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бүгін "Елбасы медалі" бағдарламасының қола медаль иегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. N11 "Жеңіс" мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Шаймырза Арайлым Қайратқызын құттықтаймыз! Талапты шәкіртке бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Тәлімгері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Мырзагелдиеваға дарынды шәкірттерді баули беруде аянбай қызмет ете беруіне тілектеспіз!


