26
март
2022
Диана - жүлдегер
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ - АУБАКИР ДИАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша а.ж. 24-25 наурыз күндері бірнеше аудандардың тірек мектептерінде өтті.
Жетісай ауданының оқушылары Қазығұрт ауданында өз білімін дәлелдеді.
N11 "Жеңіс" мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы Аубакир Диана биология пәнінен 2 тур бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Биология пәнін жетік меңгерген Дианаға бұдан да жоғары нәтижелерге жете беруіне тілек айтып, алғыс білдіреміз!
Демалыс күндері олимпиада резервіндегі оқушымен тыңғылықты даярлық жүргізген жетекшісі У.Мустафаеваға және қосымша дайындаған У.Нуржанова, Н.Қыстаубаеваларға рахметімді білдіреміз! Еңбектеріңіз еленіп, дарынды шәкірттерді дайындауда аянбай жұмыс жасап, жемісін көріңіздер!!!