Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2026

ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ – РУХАНИ БІРЛІКТІҢ АЙНАСЫ

Бүгін қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оны кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» шарасына қатысып, ерекше әсер алдым. Бұл игі бастама – тіл тазалығын сақтауға, сауаттылықты арттыруға және халық арасында мемлекеттік тілге деген құрметті нығайтуға бағытталған.
Диктантқа қатысу арқылы әрбіріміз өзіміздің білім деңгейімізді ғана тексеріп қоймай, қазақ тілінің қоғамдағы орнына тағы да бір ой жүгіртеміз. Бұл шара – ұрпақ санасына ана тілін ардақтау, оны қастерлеу сезімін сіңіретін рухани сабақ.
Ұйымдастырушылар – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі. Олардың бастамасы аясында ел азаматтары түгелге жуық қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл – тіл төңірегінде халықты біріктіретін, жүректерді жақындататын игі дәстүрге айналған құбылыс.
Мен де осы диктантқа қатысып, Алғыс хатпен марапатталдым. Бұл – тек қағаз емес, ана тілімізге деген шынайы құрметтің белгісі деп білемін. Қазақ тілінің дамуына кішкене болса да үлес қосқаным үшін қуаныштымын.
Қазақ тілінің болашағы – біздің қолымызда. Ана тілімізді құрметтеп, қолдану аясын кеңейту – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ – РУХАНИ БІРЛІКТІҢ АЙНАСЫ

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив