13
май
2025
«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясында 27.03.2025 күні мектеп ұстаздарының арасында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында жиын өтілді.
Шеберхана меңгерушісі И.Исаев Қожа Ахмет Ясауидің ұрпаққа қалдырған мұрасы жөнінде мазмұнды ақпараттарымен бөлісті.
Тарих пәнінің мұғалімі Б.Асанбеков қабылданған Заң аясында баяндама жасады. Түркістан қаласының ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін реттейді және оны бірегей мұра ретінде сақтауға, зерделеуге және ілгерілетуге бағытталған.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжат:
* қаланың тарихи-мәдени ескерткіштері мен нысандарын басқарудың, сақтаудың және тұтастығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруға;
* Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймағындағы ескерткіштерге археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлауға және басқаруға;
* тарихи-мәдени мұраны сақтауға, дамытуға, қайта жаңғыртуға және ұлттық қолөнерді дәріптеуге;
* қаланың тарихи-мәдени нысандарын қорғау және пайдалану жөнінде қабылданған шешімдерді ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңның мақсаттары мен міндеттері:
* Қазақстан Республикасының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретінде;
• Түркістан қаласын қалыптастыру, дамыту және оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
• Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру;
* Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дамыту
* Заңның қағидаттары:
* Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасының объектілерін сақтаудың басымдығы;
* Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің мән-маңызын сақтау;
* Түркістан қаласының рухани-мәдени құндылықтары мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің киелі мәні мен қасиеттілігін қорғау.
Тарих пәнінің мұғалімі Б.Асанбеков
