13
февраль
2026
“АҚЫЛ-ОЙ АРЕНАСЫ: ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ
"№11"Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Каримова Нұржамал, Мұса Назерке ұйымдастырумен 03.12.2025 жылы өткен 6 «А» және 6 «Ә» сынып оқушыларының арасында өткен интеллектуалды сайыс – нағыз білім додасына айналды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың зеректік қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту және өз мүмкіндігін толық пайдалана алатын тұлға қалыптастыру болды.
Сайыс барысында оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өз білімін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын танытты. Бәсеке жоғары деңгейде, қызықты да тартысты өтті.
Сайыс кезеңдері:
• Таныстыру
• Кім жүйрік?
• Мақал – сөздің мәйегі
• Кім жылдам?
• Алтын сандық
• Кім көп біледі?
• Капитандар сайысы
Әр кезең оқушылардың білім деңгейін, ойлау қабілетін және шапшаңдығын анықтауға бағытталды. Қатысушылар белсенділігімен, ой дәлдігімен және білімділігімен көзге түсті.
Оқушыларға жарқын әсер сыйлаған бұл интеллектуалды дода өз мақсатына толық жетті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан сайыскерлерге алғыс айтамыз!