Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2022

Ұстаз – ұлы тұлға

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жетісай ауданы, Асықата кентінде орналасқан №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 01-қазан күні дене шынықтыру пән бірлестігі, бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен және Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен волейболдан мектепішілік ұстаздар арасында сайыс өтті. Спорттық сайыс мектеп директоры Г.Койтанова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Асанбеков мерекелік құттықтауы және сәттілік тілеуімен басталды.
Ұстаздардың төл мерекесіне 8 «А» сынып оқушысы А.Тәжібай «Ұстазым» әнін тарту етті.
Сайысқа «Жалын», «Қайтпас», «Спортики», «Жеңіс», «Арсенал» командалары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Түрлі пән мұғалімдерінің қатысуымен өткен сайыс тартысты, әрі қызықты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша, «Спортики» командасы І орын, «Жалын» командасы ІІ орын, «Қайтпас» командасы ІІІ орындарды иеленіп, Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Сайыс барысында ерекше көзге түскен ұстаздар Ғ.Қарсыбаева, М.Сманова, Н.Қыстаубаева, Н.Досқара, Л.Нысанбай үздік ойын көрсеткені және Е.Қырбасов сайысқа үздік төрелік еткені үшін Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Спархановтың арнайы Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Асанбеков мереке қарсаңында ұстаздар арасында өткен сайысқа үлкен қолдау көрсеткен Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне, сайысқа қатысушы мектеп ұстаздарына үлкен алғыс білдіріп, сайысты қорытындылады.
Ұстаз – ұлы тұлға













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив