23
декабрь
2021
ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫ ЖОЛДАҒЫ - ҰЛЫ ТҰЛҒА!
Аға ұрпақтың белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай жасауды - ортақ міндет деп білетін "Nur Otan" партиясы түрлі саладағы ардагерлер мен зейнеткерлерге ерекше қамқорлық көрсетуді назардан тыс қалдырмаған. Білім саласындағы басты тұлға - ұстаз.
Ұстаз - өмірінің саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім берумен, ізденіспен, еңбекпен өткізіп, мектептің ажырамас бөлігіне айналған ұлы тұлға. Ұстаздан тәлім алып, өнеге үйренген әрбір жас Абай атамыз айтқандай өмірге бір кірпіш болып қаланары сөзсіз.
Балаларды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, өмірден өз жолын табуына ықпал еткен, мектептің ұлағатты ұстаздарының көшінде келе жатқан Сабденова Жұпаркүл Шүкірбайқызы! Сізді қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс кезеңіне жеткен күніңізбен құттықтаймыз! Жасаған еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспіз.
Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.
Осындай елеулі де мерейлі күндерге жету бәрімізге бұйырсын!