Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЕР ЖҰМАҒЫ - ЕН ДАЛА, ЕЛ СҰЛУЫ–ҚЫЗ БАЛА
15
ноябрь
2021

ЖЕР ЖҰМАҒЫ - ЕН ДАЛА, ЕЛ СҰЛУЫ–ҚЫЗ БАЛА

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ»,- деген.
Халқымыз «қыз - қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынға балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді.
Сондықтан қыз баланың бойына жастайынан ізгілік, сұлулық, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі қыз–ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана және қоғам. Мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
Осы орайда, N11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
"Ақ бантик" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында пікірлесу өткізілді. Қыз балаға жүріс-тұрыс дағдылары, қыз сымбаты, тазалық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсетіліп, сұрақтар қойылды, мақал-мәтелдер айтылды.

ЖЕР  ЖҰМАҒЫ - ЕН ДАЛА, ЕЛ СҰЛУЫ–ҚЫЗ БАЛА



Похожие публикации:

30 сентябрь 2021 "Ясауитану - 2021"
06 февраль 2020 Мониторинг
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив