Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек - Білім күні

Құрметті әріптестер!
Барша қауым үшін тамаша мереке – Білім күні қарсаңында баршаңызды осы бір айтулы мейраммен шын жүректен құттықтаймын. Барлық адам білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда терең де танымды білім алып, тылсым дүниені таниды. Ұстаздарымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда Сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүрген асыл жандарды халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтады.
Құрметті ұстаздар!
Қымбатты әріптестер!
Басталғалы отырған жаңа оқу жылы баршаңызға табысты, нәтижелі де жемісті болсын. Шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап, білім шыңының биіктеріне ту тігіп, мерейлеріңізді үстем ете берсін. Баршаңызға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін. Мерейлі мерекеде отбасыларыңыз аман, ынтымағымыз мығым, іргеміз берік болуына тілектеспін.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив