14
декабрь
2022
"Желтоқсанда мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын"
№ 11 "Жеңіс" мектеп-гимназия КММ-нің қосымша білім беру педагогтардың ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай "Желтоқсанда мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын" атты іс-шара өткізді. Іс-шараның басы еліміздің әнұранымен басталды. Үйірмедегі оқушылар өздерінің дайындап келген көркем оқуларын мәнерлеп оқып шықты. Сонымен қатар, мектебіміздің мың бұралған биші қыздары өз өнерлерін паш етті. Өнерпаз оқушыларымыз «Балбырауын» күйін тартты. Іс-шара өз деңгейінде жақсы өтті.






