Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2021

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"

N11 "Жеңіс" мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4 "Б" сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында Асықата аймақтық балалар кітапханасына барып ондағы ертегілер мен көркем әдебиеттермен танысты.Ондағы мақсат жас буынды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өзі оқитын көркем әдебиет шығармамен бөлісіп насихаттау, оқушыларды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқыған кітаптарының, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты дұрыс пайдалануға баулуды үйрету болатын. Сонымен қатар кітапханашы Гулмира апайдың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына байланысты айтылған ел еркіндігі үшін құрбан болғандардың оқиғаларымен жақын танысты.Оқушылар Тәуелсіздік жайында өз ойларын айтып,желтоқсан құрбандарына және Тәуелсіздікке арнап өлеңдер оқыды.
Сонымен қатар кітапханашы:
Кітапты таңдап талғап оқи білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі екенін айта кетті. Өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптан асқан асыл қазына жоқ, дәл қазіргі уақыттан бастап кітап оқуға өздеріңізді бейімдеңіздер- деді оқушыларға.
“Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге”, – деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық!
"ОҚУҒА  ҚҰШТАР МЕКТЕП"

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив