03
декабрь
2021
"ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ"
N11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай
7 - сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Матжанов Жанболат, Дәуірхан Зерелердің ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты-еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-әпкелеріміздің ерлігін үлгі етіп көрсету. Тәрбие сағатымыздың қонағы ретінде желтоқсан оқиғасына қатысқан, Еденов Бақыт ағай мен жұбайы және Зияханов Нұрлан Сәрсенбайұлы келді.
7-сынып оқушылары патриоттық әндер айтып, ұлттық би биледі. Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасына байланысты көріністер көрсетіп, видеороликтер қойылды. Кездесу соңында, ардагерлер тәрбие сағатына риза болып, өз алғыстарын айтып, балаларды білімді болуға, тәрбиелі болуға үндеді