Түркістан облысының білм басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"11 "жеңіс" Мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (725)42-42-9-63
Оқу бөлімі:
+7(702) 654-38-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2022

"Білім басы бастауышта қаланар"

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестік апталығының ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың тақырыбы: «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар»
Мақсаты : «Мұғалімдердің әр сабақта жаңалық енгізу арқылы жұмыс тиімділігін арттыра отырып, оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру және алған білімдерін өмірде пайдалануға дағдыландыру.
Апталықтың ашылуына мектебіміздің директоры Койтанова Гулия Әбдіқадірқызы және директордың оқу ісі орынбасарлары Г. К. Джанабекова мен А. Е. Бекназаровалар сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатында оқушылар ән-жырларын арнаумен бірқатар мектеп ішінің қуантарлық сәнді безендірулері және оқушы қолынан шыққан дүниелермен толысқан «Алтын күз» тақырыбындағы көрме ерекше көңіл—күй сыйлады.
Апталықтың алғашқы күні 1 сынып оқушылары арасында Рәміздеріміздің 30 жылдығына арналған "Рәміздерім-мақтанышым" атты мәнерлеп оқу сайысы тартысты өтті. Барлық қатысушылар жоғарғы деңгейде дайындықпен келгені көзге анық көрініп тұрды. Акылбекова Меруерт 4 «Д» сыныбымен математика пәнінен "Закрепление"атты ашық сабағын өтті. Педагог сабаққа жоғарғы дайындықпен келіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқыту қызметі оқу мақсатына сай құрылып, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүйелі жүргізілді. Білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, белсенді оқу әдістерін тиімді қолдана алды. Оқытудың барлық кезеңдерінде нәтижеге қарай жылжып отырды.
Бастауыш сынып бірлестік мүшелерінің бірлігі берік және жауапкершілік тұрғысынан бір—біріне серік болып, жұмыла кірісуде. Танымал педагог К.Д. Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» демекші, бастауыш сынып бірлестігі педагогтарынан апта бойы тынымсыз ізденіске толы сапалы сабақтар күтеміз. Тек алға! Шығармашылықтарыңыз шарықтай берсін!
"Білім басы бастауышта қаланар"











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив