06
февраль
2026
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС: ШЕБЕРЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮНДЕСТІГІ
2025–2026 оқу жылының І тоқсанының қорытындысы бойынша педагогтердің кәсіби қызметін талдау және әдістемелік қолдауды жетілдіру мақсатында мектепте әдістемелік кеңес өтті. Бұл отырысқа кеңес құрамы толығымен қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты – өткен тоқсандағы оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелерін саралау, білім сапасын арттыру жолдарын талқылау және жаңа тоқсандағы бағыттарды айқындау болды.
Кеңесті директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Мырзагелдиева Маржан Кудайбергеновна ашып, І тоқсан қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік бағыттағы жетістіктерінің деңгейіне талдау жасады. Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: жаратылыстану пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын бақылау, КТЖ және ҚМЖ әзірлеу: оқу мақсаттарының сабақ мазмұнына сәйкестігін бағалау, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытылуы жағдайын зерделеу, мектепалды даярлық топтарында «Тіл дамыту» сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары, халықаралық зерттеулерге дайындық: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы, 5–9 сыныптарда тарих пәнінің берілу жағдайын зерделеу, педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарының ұйымдастырылуы.
Кеңес барысында әр бағыт бойынша спикерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, білім сапасын арттырудың тиімді тетіктерін ұсынды. Кеңес мүшелері оқушылардың зерттеу және функционалдық сауаттылығын дамыту, оқу мақсаттарының сабақ мазмұнымен сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге дайындық мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысында ІІ тоқсанда жүзеге асырылатын әдістемелік бағыттар нақтыланып, пән бірлестіктерінің жұмыс жоспарларына түзетулер енгізілді. Кеңес нәтижесі педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, әдістемелік қолдауды күшейтуге және оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталды.