25
ноябрь
2022
Облыстық олимпиада
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОС ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2022 жылдың 24-25 қараша күндері Шымкент қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы мұғалімдердің білім беру саласындағы перспективаларын көтермелеу мақсатында облыстық пән олимпиадасын өткізді.
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің атынан №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының екі бірдей мұғалімі қатысты. Екі күндік олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдраманова Ұлбосын Маликовна жүлделі ІІ орынды иеленсе, химия пәнінің мұғалімі Қыстаубаева Нағима Қалдыбековна да жүлделі ІІ орынды иеленді. Кәсіби біліктілігі мен теориялық білімін дәлелдеген қос жеңімпаз мұғалімге ұжым атынан шығармашылық өрлеу мен зейінді шәкірттері болуын тілейміз!
Қос бірдей ұстаздың қос қуанышы мектеп мұғалімдеріне ерекше серпіліс пен қызығушылық сыйлады. Педагог мәртебесін көтермелеу аясындағы осындай байқауларды ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Ізгі ниетпен, мектеп әкімшілігі.