10
апрель
2026
«БАСТАУЫШ БІЛІМДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін , Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен аудандық семинар мазмұны терең, маңызы зор тағылымды кездесуге айналды. «Бастауыш сынып оқу үдерісінде инновациялық білім беру технологияларын тиімді қолдану» тақырыбы аясында ұйымдастырылған бұл жиын — білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелерді қозғап, жаңашыл бағыттарға жол ашты.
Заманауи технологияларды ұтымды пайдалану арқылы жас ұрпақтың оқу сауаттылығын арттырып, олардың логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйені жетілдіру болды.
Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Г.А. Койтанова сөз алып, білімнің іргетасы бастауыштан қаланатынын айрықша атап өтті. Ол мектептің қалыптасу жолына қысқаша тоқталып, ұстаздарға шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
Семинарға Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскерлері А. Тасова мен В. Юсупов қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, кәсіби тұрғыда құнды ұсыныстарын ортаға салды.
Тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өздерінің шеберліктері мен ізденістерінің жемісін көрсетті. Әр сабақ — жаңашылдық пен педагогикалық ізденістің жарқын көрінісі болып, қатысушыларға тың идеялар мен серпін сыйлады.
Семинар соңында айтылған тағылымды ойлар мен ұсыныстар білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі екені анық байқалды. Осындай мазмұнды кездесулер кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, білім беру ісінің жаңа белестерге көтерілуіне жол ашары сөзсіз.