29
май
2026
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ - АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "№11 "Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес арнайы педагог А.Пернеева мен педагог-психолог Р.Нуридинова тренинг элементтері бар психологиялық сағат ұйымдастырды. Оқушылардың бойында толеранттылық қасиетін қалыптастыру, әртүрлілікті қабылдау мәдениетін дамыту және ерекше балаларға деген түсіністік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында өткізілген шарада адам құқықтары, теңдік, құрмет және қабылдау ұғымдары туралы түсіндірілді. Оқушыларға тақырып аясында бейнероликтер ұсынылды. Білім алушылар арнайы жаттығулар мен ойындарға белсенді қатысу арқылы өзара эмпатияны дамытудың, басқа адамның сезімін түсінудің және қолдау көрсетудің маңызын ұғынды. "Қоғам мен құрмет" айдарында қатысушылар өзара сыйластыққа қалай қол жеткізуге болатыны туралы пікірлерімен бөлісті. Бұл тренинг мектепте қалыптасқан баршаға тең, қолайлы ортаның жұмысын нығайтты.
