29
май
2026
“БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ ЕЛ” ата-аналарды психологиялық сүйемелдеу тренингі
Түркістан облысының білім басқармасының
"Жетісай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 12 мамырдағы N2001 шығыс хаты негізінде
"N11 "Жеңіс " мектеп- гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал ата-ана - Қауіпсіз балалық шақ" өңірлік тұжырымдамасын іске асыру мақсатында
ата-аналармен мектептің педагог-психологтары
Р.Нуридинова мен З.Дәуірхан "Бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбында психологиялық сүйемелдеу тренингін ұйымдастырды. Мақсаты: мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту, бала тәрбиелеуде ата-ананы психологиялық тұрғыда сүйемелдеу. Тренинг барысында ата-аналарға мотивациялық кеңестер ұсынылды. "Қошемет", "Бір қолмен" атты жаттығуларын, "Мен өз отбасымды теңеймін" арт-терапиялық тапсырманы белсенді орындап, өз белсенділіктерін көрсетті. "Балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастырудағы ата-ананың міндеттері" тақырыбында жадынама үлестіріліп, ой пікірлері тыңдалды. Жазғы уақытта баланың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кеңестер ұсынылды.
Қорытынды бөлімде ата-аналар көтеріңкі көңіл күймен ән шырқап, жағымды эмоцияларымен бөлісті. Осындай тренингтер отбасы мен мектеп байланысын нығайтып, бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстың маңызын арттыратындығын түсінді.