ЖЕР ЖҰМАҒЫ - ЕН ДАЛА, ЕЛ СҰЛУЫ–ҚЫЗ БАЛА
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ»,- деген. Халқымыз «қыз - қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынға балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты