04
сентябрь
2021
ЖАС ІЗДЕНУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ-БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ШЫҢДАУ!

2020-2021 оқу жылында N11 "Жеңіс" мектеп-гимназиясында "Жас зерттеуші" клубы жүйелі жұмыстар атқарды. Жаңалыққа жаны құмар жас зерттеушілер жетекшілерінің бағытымен, сондай-ақ, ата-аналарының қолдауымен көптеген тың тақырыптар айналасында жобаларын қорғады. Әрбір жұмыста оқушының ізденіс әрекеті, зерттеушілік қабілеті, салыстырмалы талдау жасай алатындығы, тәжірибеде қолдана отырып, анализдеу, сұрыптау және қорытындылау дағдылары түгелімен байқалады. Қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы жыл бойы клуб мүшелері өз зерттеу іс-әрекеттерімен бөлісіп, таныстырылым жасап отырды. Қашықтықтан "Сырдария" университетінің мамандарынан бағыт-бағдар, кеңестер алып отырды. Ең үздік жобалар жинақталып, түрлі байқау жобаларына іріктеліп дайындалды.
Осындай нәтижелі жобаларды республикалық "Жас ғалым" инновациялық журналына жөнелтіп, баспа бетіне жариялау арқылы оқушыларды ынталандыруды жөн көрдік. Бұл басылымдағы жұмыстарды орындаған оқушыларға, бағыт берген жетекшілеріне және демеу берген ата-аналарына алғыс білдіреміз. Мектеп әкімшілігі
https://www.facebook.com/100012468600385/videos/254965429687378/