25
ноябрь
2022
жас зерттеуші
ЖАС ЗЕРТТЕУШІ, ТІЛ ЖАНАШЫРЫ - АЛТЫНАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
2022 жылдың 24 қарашасы күні Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №10 жалпы орта мектебі базасында 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 16 секциядан
4 бағыт бойынша өтті.
№11 «Жеңіс» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «Г» сынып оқушысы Бейсебай Алтынай Сулейменқызының тіл білімі секциясы бойынша «Қазіргі жастардың сөйлеу тіліндегі негізгі ерекшеліктер» тақырыбындағы жұмысы іріктеуден өтіп, облыстық кезеңнің тыңдалым кезеңіне қатысқан болатын. Алтынайдың ізденіс жұмысы жоғары деңгейде қорғалып, дәлелді зерттеу-талдауларымен ерекшеленіп, комиссия мүшелерінің шешімімен жүлделі ІІ орынды иемденді.
Алтынай – мектептің дарынды да озат оқушысы. Өз сыныбының белсендісі. Көптеген қоғамдық іс-шаралардың қатысушысы. Аудандық, облыстық пән олимпиадаларының жеңімпазы.
Алтынайдың бұл жобадағы жетекшісі - Ибадуллаева Гүлжазира Сейдазымқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «педагог-зерттеуші» санатты тәжірибелі мұғалімі. Халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға көптеген жеңімпаздар дайындаған шебер ұстаз.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде зерттеуші ұстаз бен ізденімпаз шәкірт үлгісін көрсете білген Гүлжазира Сейдазимовна мен Алтынайдай оқушыға алдағы уақытта да табысты бірлескен жұмыстар орындай алатынына сенім білдіреміз.
Директордың оқу ісі орынбасары М.Мырзагелдиева