13
февраль
2026
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫ БЕРІК ҚОЛДА
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай. Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Асықата кентінде орналасқан мектептердің "Жас шекарашылар" әскери-патриоттық клубының мүшелері бақ сынады. Сайыс ережесі бойынша оқушылар: 1) АК-74 автоматын толық емес бөлшектеп жинақтау, 2) Пневматикалық қарудан нысанаға ату, 3) Гір тасын көтеру, 4) Кермеге тартылу, 5)Арқан тартысу секілді сайыстардан бәсекеге түсті.
Іс-шараның мақсаты: жастарды отансүйгіштікке үйрету, "Жас шекарашылар" әскери-патриоттық клубының жұмысын жандандыру,еліміздің Қарулы күштерінің қатарында адал қызмет ететін нағыз патриоттарды тәрбиелеу.
Сайыс қорытындысы бойынша «№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы 2-орын иеленіп және А.Мади «Мерген қыз» атанып, кент әкімінің мақтау грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.