11
декабрь
2021
АШЫҚ САБАҚ
Бүгін 9 сынып оқушыларымен "Қазақстанның ішкі суларының түрлері" тақырыбында география пәнінен ашық сабақ өтті. Әдістемелік талаптарға сай құрылған сабақ жоспары жоғары деңгейде өтіліп, барлық оқу мақсаттары орындалды. География пәнінің мұғалімі Даржанова Сауле Бектұрсынқызына оқушыларға сапалы білім беруде, жаңа тәсілдерді ізденуде аянбай еңбек ете беруіне тілектеспіз!








