13
май
2025
ЖОО-МЕН БАЙЛАНЫС: «ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "№11"Жеңіс" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде а.ж. 22 қарашасы күні «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары» атты тақырыпта «Ғалыммен сұхбат» айдары аясында қашықтықтан конференция өтілді. Ұйымдастырушылар – Магистрлер мектебі, оқушылардың ғылыми қоғамы, кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Іс-шара мақсаты – қатысушылар мен ғалымдар арасында ғылыми мәселелер бойынша пікір алмасуды, жаңашыл ойлар мен идеяларды ұсынуды және тыңдармандарға ғылымның маңыздылығын түсіндіру болып табылды.
Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары бойынша Ж.А.Ташенов атындағы университеті, «Педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің», «Математика және информатика» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасов Сазахан Аманович түсіндірді.
Орталық Азия инновациялық университетінің Педагогика ғылымдарының кандидаты, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Азимбаев Жадигер Азимбаевич оқушыларға ғылыми жобалар мен стартаптарды іске асыру жолындағы ізденістердің жүйелілігін таныстырды.
Ж.А.Ташенов атындағы университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Апашева Сабира Нурбаевна өзінің саласы – археология ғылымы бағытындағы жаңа жобалар, ашылулар, жаңалықтар жайында таныстырып, бұл мамандыққа қызығушы мектептің жас ғалымдарының сұрақтарына кеңінен мағлұматтар бере отырып, сүбелі кеңестерін ұсынды.
Сонымен қоса, «Еркін микрофон» бөлімінде оқушылар жоғарғы оқу орындары туралы ақпараттық хабарлама, оларға түсу шарттары, мамандық таңдау бойынша, сол мамандыққа түсу үшін тапсырылатын бейіндік пәндерге дайындық туралы құнды кеңестер алып, оқушылар мен жоғарғы оқу мамандарының арасында қызу сұрақ-жауап өрбіді.
Жас ғалымдар ғылыми жоба дайындау әдістерімен жан-жақты танысып, ізденіс пен жаңалыққа толы ғылым әлеміне үңіліп, көптеген сауалдарына тиянақты жауаптар алды. Конференция спикерлері шәкірттерімізге алғыстарын айтып, өнертапқыштық жолдарының бастауына табыс тіледі.