29
май
2026
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА!
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты N11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясының 8-11 сынып аралығындағы білім алушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында деректі фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп директоры Г.Койтанова заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіп ережелерін құрметтеу, зиянды әрекеттердің салдары және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы баяндады. Көрсетілім барысында ДТЖЖО К.Баймурзина оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпараттарды кеңінен түсіндірді. Педагог-психолог Р.Нуридинова жеткіншектер мен жасөспірімдерді деректі фильмдердің мазмұны арқылы өмірлік құндылықтарды бағалауға, заңға құрметпен қарап үйренуге шақырды. Іс-шара соңында білім алушылар өз ойларын ортаға салып, құқықтық мәдениетті сақтау мен саналы әрекет етудің өз болашақтары үшін және қоғам үшін маңызды екенін ұғынды. 

