РАМАЗАН - СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР ЖАС ЧЕМПИОН
Нәзір Рамазан – үстел теннисінен спорт шеберлігіне үміткер, жастар арасында Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі. Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасымен елдің намысын шетелдерде қорғаған мықты спортшы. Атап айтар болсақ, Ресей, Өзбекістан, Қырғызстанда өткізілген Халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленген. Бішкек қаласында бес ел - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменістан және Иран мемлекеттері арасында өтілген Азия ойындарына іріктеу турнирінде жүлделі 3 орынды иеленген.